Бағасы
68000 тг
1/12
қаралды 2764

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені 50 жылдан бері халыққа қызмет етіп келеді.

Бұл аз уақыт емес және «Оқжетпес» ЕСК өзінің мерейтойын лайықты түрде қарсы алды. Өзінің тарихын сонау 1964 жылы қолайсыздау нөмірлері бар үш қабатты бір ғана ғимараттан бастады . . . ал қазір қараңыз. Аз жұмыс жасалған жоқ. Жаңа емдеу ғимараттары, қызметкерлерге арналған тұрғын үйлер салынды, кешен қазір ең жаңа үлгідегі және тиімді медициналық жабдықтармен қамтылған. Шипажай-курорттық емдеуді ұйымдастырудағы жеткен жетістіктері үшін берілген халықаралық марапаттаулар ЕСК және оның қызметкерлерінің жемісті еңбектерінің куәсі. Бұл мақтануға тұрарлық және алға ұмтылу үшін сенімділік береді.

«Оқжетпес» ЕСК-нің басты артықшылығы – оның Қазақстанның інжу-маржаны Бурабайдың жүрегінде, Щучье-Бурабай курорттық аймағының ең әдемі көлінің жағасында орналасуы. Маңайында ерекше көрікті табиғи жерлер, Бурабайдың айнасы – ертегі жартас Оқжетпес пен Жұмбақтас орналасқан. Қарағай орманының арасында небәрі үш минуттық жерде аңызға айналған Абылайхан алаңы орналасқан.

«Оқжетпес» ЕСК-нің негізгі міндеттері біздің берекелі өлкемізге, тарихи табиғи жерімізге келгісі келетін Республиканың барлық азаматтары мен қонақтарын медициналық және емдеу-сауықтырумен қамтамасыз ету және қызмет көрсету.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін