1/2
қаралды 4875

Әулиекөлдің (Бурабай көлі) сол жақ жағалауында, Көшетау және Теміртау сілемдерінің ортасында шығанақ орналасқан. Шығанақтың дәл ортасында – желге мүжілген гранит қабаттарының үймесінен тұратын тас арал. Бұл тас – Жұмбақтас. Адамның қиялына байланысты, Жұмбақтас әр түрлі кейіпке енеді. Егер Бурабайдан Абылай хан алаңына қарай, қайық стансасының жанынан жүріп келе жатсаңыз, шашы желбіреген жас сұлу қызға ұқсайды, әрі қарай баяу жүре берсеңіз, әдемі қыз бейнесі кәрі кемпірге ұқсай береді, ал Оқжетпес шипажайы жағынан қарасаңыз, Сфинкстің бейнесін көруге болады.

Жұмбақтастың пайда болу тарихы туралы халық жадында сақталған аңызда:17-жастағы тұтқынға түскен қалмақ қызы Оқжетпес шыңынан Бурабай (ескі атауы Әулиекөл) комитене секіріп кетеді де, сұлудың түскен жерінен таңғажайып жартас пайда болған. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қараса, қыздың бейнесі байқалады, ал қарама-қарсы жағынан қараса мыстан кемпірдің бейнесін көруге болады. Орыс тілді авторлар Жұмбақтасты «Сфинкс» деп атап кеткен.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін