

“Оқжетпес” тауы




қаралды 26381
Оқжетпес Көкшетау қыратының ең биік жері Көкше жанында орналасқан. Төңірегінің табиғаты көрікті. Гранитті жартастан түзілген, беткейі тік, қарағай, қайың өседі. Әулиекөлдің тұнық айдынында тұрған Оқжетпес жартасы туралы ел ішінде көптеген аңыз-әңгімелер тараған. Шоқан Уәлиханов 15-тен аса аңыз-әңгіме жинақтаған. Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» атты лирикалық поэмасында тұтқынға түскен қалмақ қызының қайғылы тағдырын Оқжетпес арқылы суреттейді.
Әулиекөл (Бурабай көлі) жағасында орналасқан Оқжетпес тауы Бурабайдағы ең танымал жерлердің бірі. Биіктігі 300 метрдей ғана болса да, ол – оқ жетпейтіндей алып, әрі Әулиекөлдің сәні. Бұл тау жайында халық аузында көптеген аңыз әңгімелер айтылып жүреді. Осы аңыздардың біріне сүйенсек, зорлықпен үйленуге көнбеген тұтқын қыз осы таудың үстіне шығып, кімде-кім садағының оғын сол жерге тигізсе, соның жары болуға дайын екенін айтады. Таудың басына ешкімнің оғы жетпеген соң, біреудің күңі болып, не зорлықпен тұрмысқа берілетінін білген қыз таудан төмен секіріп, мерт болады. Қыздың құлаған жерінде Жұмбақтас пайда болады.
1) ….Жарық дүниенің көзін көріп, Бурабайда ертеректе Оқжетпес деген батыр өмір сүрген. Бала кезінен ақылы мен күшінің зорлығымен айналасына танылған. Күн санап емес, сағат санап өсіп, он жасында бойының ұзын болып өскендігі сонша, өзінің қатар құрдастарының көкке атқан жебесі кеудесіне де жетпейді. Кейін ол батырды жұрттар Оқжетпес деп атап кетеді. Тірі кезінде аңызға айналып, марапат алады. Бойы соншалықты ұзын болғанмен, күші де сондай жойқын еді.Қанша жерден атқа да, есекке де, түйеге де мінсе өзін мен қару жарағын көтере алмайтын. Ол алып пілге мініп жүретін.
Жау атаулы жаулар бейбіт халыққа құдды аш қасқырлардай үйір үйірімен қанталап, маза бермейтін. Оқжетпес олармен теріскей шекарада шайқасып, жауларды әр кезде жеңіп, қуып тастап отыратын. Кезекті шапқыншылық кезде жаулардың көп болғандығы сонша, тіпті санау мүмкін емес еді. Бірнеше күн тынымсыз айқасса да, жау сарбаздарының қатары азаймады, қайта көбейе берді. Мерт болған сарбаздардың екеу, үшеудің орнына төртеулеп, бесеулеп пайда болып жатты. Жерден өніп өсіп жатқандай болды. Қайткенменде Оқжетпес жауды түгін қалдырмай талқандарын шығарды. Олар аяушылық етуді сұрап, қашып жөнелді. Әбден шаршаған Оқжетпес, қанша күн ұйықтамаса да, шаршаса да, соңынан қуалап ұстамады да. Аспан күркіреткен зор дауысымен жаудың соңынан бірнеше рет айғайлап жіберіп, демалып жатты.
Күміс көлдің жағасына отырып, киім сауыттарын шешіп, толқындарға қарап жайғасып отырды. Шипалы суға түсіп, жарақаттарын емдейтін осы көлдің маңайында батырлар.
Бірнеше күн өткен соң жаулар Оқжетпеспен қайтадан шайқасқа түсті. Олар айла тауып шайқасты. Өздерінің жансыздарын жіберіп, алпамсадай Оқжетпесті аңдытып қойды. Тау етегінде ұйықтап жатқаны туралы жауларға хабар келді. Жау сарбаздары ұйықтап жатқан жерге барып, арқанмен байламақшы болып, сол кезде оянып кетіп қолында қаруы болмағанмен, жерден қарағай, қайыңдарды тамырларымен жұлып, жауды ағаштармен ұрып, жайратып жатты.
Жаулар бұрынғысынан 5 есе көп еді. Олар қырылғанына қарамастан үсті үстіне шабуылдай берді. Оқжетпес өзінің ажалын сезіп, өйткені ол таусылмас жау мен толастамас шайқастардан шаршаған еді. Аяғы тасқа сүрінген ол, жерге құлап, жаулар құмырсқадай жабылып, аяқтарын кезекпен кезек жіппен байлай берді. Ол бар таусымен аспанға қарай айғайлап: «Уа,Құдіретті Көк Тәңірі, мені жауларыма қор ете көрме! Өлгенше, жаулардан есемді жібергенше, қарабет болғанымша, ұят! Одан да мені тасқа айналдырсаңшы!» деп айғай салды. Күн күркіреп, лезде жаңбыр жауып, оны шыңға айналдырып жіберді.
Пілі иесінің шайқаста қаза тапқанын көріп, шыңға келіп, төбесіне шығып жатты да, ол да тасқа айналып кетті.
2)….Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі – Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты.
Ұлттық парктер
Көрнекі жерлер
Музейлер


Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры

БАТУТ-ОЙЫН ЗАЛЫ

Біржан cал eскерткіші

Бурабай курортының визит орталығындағы террариумы

Абылай хан ескерткіші

Қорғалжын қорығының ВО

Нияз би кесенесі

Олжабай Төлебайүлы кeceнeci

Үлгілі каньоны

“Family Fitness” Фитнес-клубы

Forest Farm

Батыр Қосағалы Төлекұлы кесенесі

«Қос бейіт» кесенесі

Баубек Батыр Keceнeci

Бурабай спорт-сарайы

Уәли хан кесенесі

Көкшетау Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі

Кенесары Xaн үңгірі

Кеңес одағының батыры М. Ғабдуллин ескерткіші

“Әулие Бұлақ”

Жылқы ауласы

“Смольная” шоқысы

Соғыс жеңісіне ескерткіш

Саққұлак би кесенесі

Паң Нұрмағанбет кесенесі

Біржан сал Қожағұлұлы (Қожағұлов)

Ш.Ш. Уәлиханов ескерткіші

Үмбетей жырау жерленген жер

Зеренді

Қылышбай әулие мазары

ТАСҚАМАЛ тас бекінісі

Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражай

Бурабай зообұрышы

Монтай батыр жерленген жер

Ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» этнографиялық музейі

Теннис орталығы

“Cinema Alem” Кинотеатры

Текекөл көлі

Селеті каньоны

Үкілі Ыбырай

Бөгенбай батырдың атымен байланысты кешен

Абылай ханның Қызыл ағашы

Щучинск қаласының тарихи-өлкетану мұражайы

Каньон Бестобе

“Оқжетпес” тауы

Қабанбай батыр кeceнeci

“Кокшетау” мәдениет сарайы

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы

Ақ Еділ Қожа қажы мазары

«Айдаһар үңгірі» тауы

Сандықтау ауданының “тарихи-өлкетану мұражайы”

1917 жылы уездік СОВДЕП орналасқан ғимарат

Ерейментау таулары

“Кокшетау” әріптері

Мультимедийный интерактивный комплекс

“Бодрость” ЕСК

1889-1905 ж.ж. В. Куйбышев атындағы музей-үйі

Әліптомар қажы мазары

«Қосбатыр – Құмай» мемориалды кешені

Дүйсен би жерленген жер

«Шамсудинов және К» сауда үйлерінің бұрынғы ғимараты

AQBURA RESORT

Қабан бұлағы

Арбат

Мақтай Тауы

Батыр Киікбай Байғараұлы жерленген жер

Иманжүсіп Құтпанұлына орнатылған белгі

Бұйратау Мемлекеттік Ұлттық табиғат саябағы

Табиғат мұражайы

Ботағай Keceнeci

Абылай хан алаңы

Степногорск тарихи-өлкетану мұражайы

Қаныш Сәтбаев ескерткіші

«Ананың ақ тілегі» монументалды-скульптуралық композициясы

Бурабай тарихи-өлкетану музейі

Біржан сал кешені

Едіге би Төлебайұлы мазары

“Дарын” ДШСШ

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы

«Бурабай» гольф-клубы

“Әулие тас”

Мария Рекинаның (Жагорқызы) жерленген жері

“Достар” мәдениет сарайы

Кенесары Қасымұлы

Абылай хан алаңындағы “Хан тағы”

Ракушка

Иманаев ағыны

Балуан Шолақ кешені

Бурабай курорты

ЦУМ

Алжир мемориалы

Өрес ханымның жерленген жері

БЖСМ “Триатлон”

Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы

Бурабай Визит-Центрі

СОО “Рио”

Бөгенбай батыр ескерткіші

Маринов тарихи-өлкетану мұражайы

Зерендтегі шаңғы базасындағы В. Г. Шаров көбелектер мұражайы

Колесо обозрения

Бектемір сопы кесенесі

“Kapital” Фитнес-клубы

Балқадишаның жерленген жері

Інжу аквапаркі (жазғы кезеңде жұмыс істейді)

Стела «Дудар – ай»

Дендропарк

Беспақыр Keceнeci

Қалақа батыр жерленген жер

Nurtau

Қазы батыр жерленген жер

«Burabayland» отбасылық ойын-сауық саябағы

Бурабай Мемелекеттік Ұлттық табиғат саябағы

Үлкен Шабақты көлі

Ілияс Есенберлин ескерткіші

Көбейтұз көлі

Ақан сері Ескерткіші

Жақия қажы мешіт ғимараты

Қаныкей мазары

Қызылтам (Ахмет) кесенесі

Шіркеу Воскресения Христа

Паровозға ескерткіш

BURABAY әріптері

“Болашақ сарайы”

Атбасар тарихи-өлкетану мұражайы

І. Есенберлин әдебиет мұражайы

Ерейментау тарихи-өлкетану мұражайы

Бөгенбай би кесенесі

Ақан серінің ғашығы Ақтоқтының жерленген жері

Орманшының сарайы

Достық үйі

Әздембай сал Көтербайұлы жерленген жер

Уалиев Т. А. атындағы спорттық кешен

Тіржан қажы жерленген жер

Agrimer Astyk

Қатаркөл көлі

Бөлектау Тауы

Кеңес Одағы Батырларының Аллеясы

Биші қайын тоғайы

Мечеть “Науан Хазрет”

Қарау алаңы

Асат би Алпысұлы жерленген жер

“Жұмбақтас” тауы

Науан Хазіреттің жерленген жері

Екі мәрте кеңес одағының батыры Т. Бигельдиновтың мүсіні

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов Мұражайы
