1/1
қаралды 3514

Мемлекеттік ұлттық «Көкшетау» табиғи саябағы Солтүстік Қазақстанның ерекше таулы-ағаштар және көлдердің экожүйелерін, тарихи ескерткіштерін, археологиялық және ұлттық мәдениетін сақтап қалу мен қалпына келтіру мақсатымен ҚР Үкіметінің шешімімен 1996 жылдың сәуір айында ұйымдастырылды. Ол Көкшетау қаласынан оңтүстік батысқа қарай 60 км қашықтықта орналасқан, 18200 гектардан жоғары жерді алып жатыр және таулы-орман алқаптары мен Зеренді, Шалқар, Имантау, Айыртау табиғи зоналарының акваторияларынан тұрады.

Саябақ биіктігі 1500 м дейін төмен таулы және орта таулы жер бедерімен, далалы, көркем көріністерімен, көгілдір көлдері бар өлкесімен, көк ала тауларымен сипатталады, бұл жерлерді Қазақстанның меруерті деп атайды. Сұлу безендірілген аққайың шаншулары және қарағай ормандары, елді мекендердегі ең ірі аңдар (аю, бұғы, елік жэне басқалары), ұсақшоқылы қыраттар мен көлдер. Саябақ сонымен қатар алуан биоқорларымен тәнті, олардың құрамына оңтустік және солтүстік даланың, орман даласының, агроэкожүйе мен ағаш отырғызу элементтері кіреді.

Ұлттық саябақ табиғи қорғалатын ғылыми-ағартушы мекеме болып табылады. Бұндағы табиғи кешендердің сақталуы адамдардың таза және айтарлықтай қолы тимеген табиғаттағы демалысы мен экологиялық тәрбие мүдделерімен ұштасқан. Табиғи жиынтықтарды сақтау максаттары экологиялық тәрбие және адамдардын демалуларын қызықтыру мен сәйкес келеді. Мұнда табиғи кешендердің үлгісі, сирек және жоғалып кеткен ағзалардың түрлері, қайталанбас табиғаттың құрылымдары, өсімдік және жануарлар әлемінің қорлары сақталған.

Саябақ орналасқан жер өзінің сұлулығымен таңқалдырады. Қайың-қарағаймен айналдыра қоршалған алаңдардың көркем үйлесуі, жартаста ағаш бұталарымен қаптаған биік шоқылар, көптеген көлдері мен батпақтары бұл жерлерде таңғажайып әсер береді. Әрбір көлдің, алаңның, бұлақтың өз аттары бар. Қасиетті қайың, Желтау шоқысы және тағы да баска ескерткіш орындары туралы халық арасында көптеген аңыздар мен сенімдер бар.


				
Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін