1/2
қаралды 3928

М. Ғабдуллин- Кеңес Одағының батыры, жазушы, филология ғылымының докторы, СССР Акадмиялық ғылымының академигі, РСФСР Педагогикалық ғылым акадамиясының мүшесі, Қазақ ССР ғылымына еңбегі сіңген қайраткері, СССР Жоғарғы Кеңесінің бірінші, екінші және үшінші сайланымға депутат, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері. 1943 жылы қаңтарда неміс-фашисттермен шайқаста көрсеткен ержүректілігі мен батылдығы үшін М.Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағын берді. Ленин, Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз және басқа да медалдармен марапаталынды. . Ол Қазақ ССР-нің әдебиет және тіл институтын басқарды, Абай атындағы КазПИ–дің ректоры болды.

Ескерткіштің ашылуы жазушының 100-жылдығына және Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арнайы ашылды.

Авторы: мүсінші- Ермеков Т.Т. Ескерткіште майдангер-жазушы майданнан жаңа келген, өзінің халқы үшін еңбектенетін күш –қуатты, қолына кітап ұстап тұрған жас жазушының суреті бейнеленген. Ескерткіш қоладан жасалған, биіктігі-3,5 метр, куртиндік граниттен жасалған тұғырда орнатылған, биіктігі 2,4 метр. Айналасында (гүлзарлар мен орындықтар) орнатылған.

Ескерткіш құрылысының бастамашысы: Ақмола облысының қоғамы мен әкімшілігі.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін