1/2
қаралды 1751

1991 жылы 1 тамызда белгілі импровизатор ақын Ақан серіге арнап тұрғызылды. Авторлары – сәулетші А. Қайнарбаев, мүсінші Т. Досмағамбетов.

1843 жылы күз айында Қоскөл көлінің жағалауына жақын орналасқан Айыртау ауданы, Малтабар ауылындағы Қорамса және бйбішесі Жаңылдың отбасына кішкентай Ақан сері дүниеге келді. Ол – атақты айтыс ақыны, композитор, асқан шебер әнші, аңшы Ақан сері еді. Ақанның жомарттығы, жанының көп қырлығы «сері» құрметті атағымен белгіленеді. Ақан сері музыкалық махаббат лирикасын шығарушы ретінде атағы шықты. Ақан сері- өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның өмірі мен шығармашылығы Көкшетау жерімен байланыста еді. Оның Ескерткіш портреттік кескіндерді өңдей отырып, риалистік мәнерде шешілген. Ақан сері шапанмен, тақиямен және етікпен, домбырасымен отырған күйде бейнеленген. Мүсінші жаңа ән шығару алдындағы ойға шому күйін жеткізген. Ақан сері 1913 жылы қыркүйек айында қайтыс болды. Ақан сері өмірінің соңына өшпес үлкен мұра қалдырды. Оның «Сырымбет», «Мақпал», «Қараторғай», «Алтыбасар», «Құлагер» және басқа да әндерін халық әлі күнгі дейін айтып жүр.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін