1/2
қаралды 3409

1999 жылы Көкшетау қаласы Ақмола облысының орталығы болды. Осы жылдары Көкшетау қаласының орталық алаңында Абылай ханға ескерткіш орнату туралы шешім қабылданды. Ескерткіш Көкшетау қаласының орталық алаңында орналасқан. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Абылай ханның жерленген жер- Түркістаннан Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен әкелінген жерді қойды.

1999 жылы 5 қарашада Абылай ханның ескерткішінің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: “ Абылай –біздің ұрпақтарымыз үшін- алып күш. Бұл есіммен қазақ халқының мемлекеті мен тәуелсіздігі тығыз байланыста болып келеді, ал Қазақстанда алғашқы болып Абылай ханға арналған ескерткіштің ашылуы- тарихи әділеттілік болып саналады” деп атады.

Аталмыш ескерткіштің авторы- Ю.Д. Баймукашев және сәулетші Т.М. Жұмағалиев. Ақсақалдардың айтуынша, автор бейбітшілік, даналық және халықтардың бірілігін бейнелеген.

Басы жоғары көтеріңкі, бір қолы бүйіріне таянып тұр, екінші қолы тізесінде. Биікке көтерілген төбесінді қанатын жайған лашын бар үш қосылған діңгектен құралған «өмір ағаш» халықтың бірлігін бейнелейді.

2000 жылдар Абылайхан алаңы аты берілген сәулеттік кешені- Көкшетау қаласы тұрғындарының демалатын орын болып саналады. Қазіргі таңда бір де бір мерекелік іс-шара Абылай хан ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қоюмен өткізілмейді, ескерткіш алдында гүлзарлар мен газондар, әрі қарай фонтанмен жалғасады. Монументі қызықтап көру үшін қала қонақтар мен жастар келеді. Орталық алаң- міндетті жас жұбайлардың орны болып саналады, өйткені неке рәсімінен кейін, барлығы осы алаңға келіп Абылай ханға құрмет көрсетеді.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін