1/1
қаралды 3282

Елінің азаттығы үшін күресіп, қатал да қатыгез тағдырдың ноқтасына басы сыймай өткен, заманында қазақ даласына атағы кең жайылған атақты да қас батырлардың бірі – Иманжүсіп Құтпанұлы. Ол кісіні Арқа мен Сыр өңірінің телқоңыр перзенті десек, артық айтқандық емес. Қоқан хандығына қарсы азаттық күресте қазақтардың көсемі ретінде танылған Түрғанбай датқаның немересі болғанымен, пешенесіне ерекше тағдыр бұйырып, Арқа топырағына кіндігімен байлануының өзі жатқан бір үлкен тарих.

Иманжүсіптің атасы Тұрғанбай датқа жайлы әңгімеде айтылғандай, 1821 жылғы қанды оқиғадан кейін, Шашты қыпшақтың Құтым тармағынан тарайтын Сіргебай әулетіне бірі қалмай кұрьш кету қаупі төнгені белгілі. Осы қауіпті сезген Тұрғанбай даттың әйелі Мәлике бір жасар ұлы Баймырза мен Тұрғанбайдың бес жасар інісі Басықараны алып қашып, Қаратаудың Өгізмүйіс деген жерін паналайды. Екі баламен алысқа ұзай алмасын сезген соң өз ұлы Баймырзаны тасалау жерге жасырып, қайнысы Басықараны ертіп, Арқаға бет алады. Айдалада жасырылған, мойнында аманат белгісі бар жас баланы қыр мен Сырдың арасына жиі қатынап жүрген керуеншілер ішіндегі Дайрабай есімді саудагер тауып алады. «Қапыда тауып алған бала еді, әулетімнің кұты болсын» деп атын Құтпан кояды.

Иманжүсіп жас кезінен-ақ жырға, шешендік сөзге құмар боп, сал-серілер дәстүрін ұстап, саятшылдық құрып, балуан атанды. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта шырқаған. Жарылғапберді, Естай, т.б. әншілермен дос, сырлас болған. Ал Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл-кеңес беріп, оған өлең де арнаған.

Иманжүсіп Құтпанұлына орнатылған белгі Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында орналаскан.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін