1/1
қаралды 3306

Тіржан Байғожаұлы Зеренді ауылынан сырық сілтем жердегі бұрынғы Подлесный, қазіргі Бәйтерек ауылы Тасбұлақ деген жерде (соңынан Тіржан ауылы атанған) 1855 жылы дүниеге келген. Арғы аталары Жанқұл, Мөжіктер де ауқатты, осы өңірде өмір сүрген адамдар. Азан шақырып қойған аты – Әміре, алайда өте әлсіз болып туғандықтан, әжесі мен анасы сұраған жанға «Әйтеуір бір тірі жан ғой, ілігіп кетсе болды» дейді екен. Содан Тіржан аталып кетсе керек. Жастайынан еті тірі елгезек, еңбекқор бала Тіржан ел тірлігіне ерте араласып, айналасына танымал бола бастайды.

Қараөткел жерінің оңтүстік-шығысындағы Тіржан жайлауының жоғарғы жағындағы Қарағаштың бауырында бертінге дейін қара шошала қалқиып тұрды. Осы жерді «Жеті жерошақ» деп те атайды. Бұл атаудың пайда болуына байланысты ел аузында аңыз-әңгіме баршылық. Бұл жер Танымбек, Шәкейби, Ақан сері, Обырой, Науан, Азнабай, Нығмет, Тәшен бай, Тіржан сияқты құрметті және ақылгөй адамдардың бас қосып, ақылдасатын орны болса керек.

2013 жылы атақты өнертанушы, композитор Илья Жақанов: «Бір күні Ақан сері баласын шығарып салып, Жыланды таудың қасынан өтіп бара жатса керек. Жолай Тіржан қазы ауылына келеді. Ақан серіні кұрметті қонақ ретінде қарсы алып, сауық-сайран құрды» деп жазған. Сәкен Жүнісов те «Тіржанның үйінде Ақан серінің «Балқадиша» әнін орындады» деп өз шығармасында баяндаған.

Тіржан қажы Зеренді ауданы Бәйтерек ауылында жерленген.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін