1/1
қаралды 3867

Жоңғар шапқыншылығы кезінде Монтай өзінің батырлығымен Отанын корғап, Абылай ханның адал досы болған. Ол өзінің батыр, мерген екендігімен ел көзіне түскен. Жоңғар шапқыншылығы тұсында елін бастап, таулы өңір, шатқалды ормандарда жауға қарсы атой салып, жауына соққы береді. Ерліктеріне елі сүйінеді. Ол туған жерін корғау жолында ерлікпен қаза табады. Оның қазасын естіген досы Олжабай батыр қайғысын қайратқа айналдырып, жауға деген қаһарлы кекпен жау жасағын қатты қырғынға ұшыратады да, таулы өңірдегі елінің еңсесін көтереді. Монтай батырдың ерлігі жөніндегі дастаны ел ішінде тарайды.

Монтай батыр Абылай ханмен бірге барлық қиындықтар мен қауіптерді бөлісе отыра, батырлық рухын көтерді. Талай шайқастарда Монтай батырдың ерлігіне риза болған Абылай хан оны жоғары бағалаған.

Батырдың сүйегі Зеренді ауданына қарасты Молодежный ауылының маңында жерленген.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін