1/1
қаралды 3148

Қазы батыр – тек алып күштің иесі ғана емес, сонымен бірге адал, ақжүрек, кішіпейіл, көпшіл, барлық жұрт үлгі тұтарлық адамдардың бірегейі. Қазы батыр XVIII ғасырда өткен Орта жүз батырларының бірі, жоңғар басқыншыларына қарсы күресте Абылай хан, Ер Қабанбай, Бұқар жырауларға сенімді серік болған шешен адам.

1750 жылдарда жоңғар басқыншыларының бір тобы Байжігіт елін шауып, мал-жандарын тонап әкетеді. Абылай, Қабанбай батырлар атақты колбасшылар мен батырларды кеңеске шақырып, жауды аластауды жобалайды. Қазы батыр Жәнібек хан кезіндегі қарадан шықса да жеті атасынан әйгілі батыр тұқымы болғандықтан, өзінің асқан ерлігі, халық үшін жан пида етерлік істері арқасында ол көп кешікпей уақ руының көсеміне айналған. Қазы батыр көптеген күресте үлкен ерлік жасап, жорықтарда жеңіске қол жеткізген екен. Қалмақтармен болған шайқасты жеңіп, сол ай- маққа қоныстанады. Мекен болар жерін қылышының ұшымен көрсетіп, мұнда менің қонысым болады деп айтқан екен. Батыр осы жерде мекендеп, жас жеткіншектерді әскери өнерге баулыған.

Қазы батырдың жерленген жері Ақкөл ауданы Урюпинск ауылының батысына қарай екі шақырым жерде орналасқан.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін