1/1
қаралды 1978

Қалақ батыр – XVII ғасырдың басында өз отанын қорғайтын жоңғарға карсы шайқаста өзін көрсеткен ержүрек жауынгер. Батыр Алатау етегінде жоңғарлардың Шамалған, Қаскелең, Боралдай секілді аты шулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда ерен ерлік көрсеткен дейді. Қалақ батыр, кейбір аңыз бойынша, ірі денелі күш иесі екен. Бір жақ бетінде қыл өскен кара мең, арқасында жалы бар өте сұсты адам болса керек. Сонысына қарамастан, аса салмақты, жылы жүректі, қамқор, әділ болған. Алыс сапарлардан екі-үш айлап, жүріп оралғанда, 4-5 жетім баланы ала келіп, «Бұлар баяғыда жаугершілік уақытта кетіп қалған туыстарымның ұрпақтары» деп бауырына басқан екен.

Батыр Зеренді ауданы Күсеп ауылында жерленген.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін