1/2
қаралды 755

Әздембай Көтербайұлы (1836-1916) – қазақтың халық ақыны, сал-серісі. Әздембай сал Ақмола облысы Шарбақкөл ауданы Теке деген жерде туған. Балуан Шолақ, Ғазиз, Жаяу Мұсалармен үзеңгілес болған. Әздембай салдың өзі, өмір туралы, жақсы мен жаман, адалдық пен арамдық туралы толғаулары ел аузында мол сақталған. Айтысқа да түскен. «Өзім туралы» деген толғауында ата-тегін Аспантай, Саңырық абыз, Жансалы, Көтербай деп тарата келіп, олардың бәрі де тілге шешен, жүйрік екенін, өзінің де коңыр сазды әншілігі бар екенін айтады.

Әздембай салдың өз жанынан шығарған әндері көп болған. Шығармалары халық өміріне, болыс пен бидің зорлық-зомбылығын әшкерелеуге байланысты туындаған. Ол негізінен өзінің жүдеу-жадау тіршілігі тура­лы жазды. Шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа таралып, қазіргі әншілердің орындауларында айтылып жүр.

Әздембай сал Көтербайұлының жерленген жері Целиноград ауданы Қоянды ауылы маңында Астана – Павлодар тасжолының бойында орналасқан.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін