1/1
қаралды 1564

Едіге би Төлебайұлы (XVII ғасырдың ортасы – XVIII ғасырдың басы) – Орта жүзден шыққан шешен және казақ биі. Едіге би Төлебайұлының жерленген жері – Ерейментау ауданы Елтай ауылы. Едіге би XVII ғасырда дүниеге келген. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының халық аузынан қалдырған жазбаларында Айдабол би ұрпағы Жанқозы тегінен тараған Едіге Төлебайұлы туралы деректер бар. Жаңатілек ауылдық округі аумағында орналасқан Мұрынтал қонысына жүргізілген экспедиция барысында зерттеушілер адам бойынан бір жарым есе биік тасқа назар аударды. Бұл тасты халық «Едіге бидің тасы» деп атап кеткен.

Аңызға сүйенсек, Едіге би осы тасқа отырып, халықты жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті біріктіру үшін шақырумен қатар өзінін сот кызметін жүргізген. Халық арасында Едіге би «Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешеді» деп мақтан тұтқан. Едіге би Тәуке хан тұсындағы билер кеңесінің беделді мүшесі болған. Оның шешендік сөздері ел аузында көп сақталған.

Едіге би – Шоң және Торайғыр бидің туған әкесі. Жазушы Қалмұхан Исабаевтың айтуынша, Баянауыл маңындағы төрт рудың басын қосып, қарадан суырылып шығып, алғашқы аға сұлтан болған адам. Ал оның би ретіндегі қызметін белгілі ғалым, зерттеуші С. Дәуітов айтып кетсе, шежіреші М.Ж. Көпейұлы Төле би мен Едіге би арасындағы әңгімені өз шежіресінде қысқаша жазып қалдырған екен. Едіге Төле бидің ауылын көріп: «Әділ бидің елін де, ауылын да дау араламайды, әділ патшаның жерін жау араламайды» деген осы екен-ау деп қызығыпты-мыс.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін