Ақ Еділ Қожа қажы мазары
1/3
қаралды 847

Ақ Еділ Қожа- ислам дінінің таралуына үлкен еңбек сіңірген діни ағартушылардың бірі. Сол замандағы дәулетті адамдарды ислам дініне қамқорлық қылуға жұмылдырып, олардан жиналған зекет қорынан ауыл-аймақтарда медреселер ашып, қара халықтан бала жинап, елдің діни сауатын ашуға зор ықпал еткен. Сондай-ақ көмекке зәру болған кедей-кепшіктің, жолаушы адамдардың жағдайын жасап отырған. Мұсылманның бір парызы қажылык сапарға бет алған тақуа жандардың жолсапарының бір бөлігін көтерісіп, демеу көрсеткен екен.

Ақ Еділ Қожа өмірден өткен соң еңбегіне риза болған ел-жұрт жиналып, асарлатып, басына мазар көтереді. Жазық далада бой көтеріп тұрған мазарға күні бүгінге дейін жолай өткен жолаушылар арнайы ат шалдырып, Ақ Еділ Қожаның рухына дұға бағыштап отырады.

Ақ Еділ Қожа мазары XIX ғасырдың ерекше діни-сәулет ескерткіші болып саналады. Мазар Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Жұмай ауылында орналаскан.

Вам также могут понравится