1/3
қаралды 2820

Уәли хан (1781-1821)- Орта жүздің ханы. Абылай ханның екінші әйелі қарақалпақ Сайман ханымнан туған үлкен ұлы. Жасынан билікке араласып, арғын тайпасының билеушісі болды, бірнеше рет әкесінің тапсырмасымен елшіліктерді басқарды. Уәлидің негізгі қонысы Есіл өзен бойында Көкшетау мен Шыңғыстау арасында орналасты. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін, Орта жүз өкілдерінің құрылтайында хан сайлау негізінде билікке (1781 ж) келді. Бас орда Бурабай көлінің маңайында, екінші ордасы Көкшетаудың Шығысындағы Сырымбет қыстауында болды.

Уәли хан кесенесі.
Сәулет кешені қызыл кірпіштен, төртбұрышты ғимарат түрінде жасалды, оның төрт бағаны – сары кірпіш және жарты айлы кішкентай күмбездер. Уәли хан – хандардың ішінде өз туған жерінде жерленген жалғыз хан болды.
Уали Хан Жоңғария мен Орталық Азиядағы Абылай ханның жорықтарына қатысты. 1769 жылы Қазақ елшілігін басқарып, Қытайға жіберілді. 1781 жылы әкесі Абылай хан қайтыс болғаннан кейін, Абылай ханның еркіне сай, халық жиналысы оның үлкен ұлы Уәлиді Орта жүздің жаңа ханы етіп сайлады. Уәли хан Петербург пен Пекинге өзінің тағайындалуын хабарлай отыра, Ресейлік және Қытай үкіметтерінен өзін Орта жүздің ханы деп тануларын сұрап хат жібереді. Сол 1781 жылы Ресей мен Қытай Уәлиханның хандық өкілеттігін мойындады. Қаңтар айының басында Цин императоры тарапынан Уәли хан дәрежесінде бекітілді. Осы жылдың 23 ақпанында Орта жүздің ханы болып арнайы патшаның хатымен мақұлданды.

1 қарашада Орта жүздің сұлтандары мен биілері арасында хан болып жарияланды.

Ол қайтыс болғаннан кейін, екінші әйелінен туған ұлдары мұрагер болды. Оның ішіндегі мұрагері болып саналатын Ғұбайдолла мен кіші әйелі Айғанымнан туған Шыңғыс Уәлиханов, ол – Көкшетау және Қосмұрын округтерінің алғашқы аға сұлтаны болып сайланған. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Уәли ханның немересі.

Уәлихан кесенесі. Ескерткіш Қазақстан ауылынан оңтүстік- шығысқа қарай 2,3 шақырым жерде, «Қарақалпақ» қыратында орналасқан. 2008 жылы Уәли ханның 270 жылдығына орай кесене тұрғызылды. Ескерткіштің жалпы аумағы 1920 шаршы метр.

Сәулет кешені қызыл кірпіштен, төртбұрышты ғимарат түрінде жасалды, оның төрт бағаны- сары кірпіш және жарты айлы кішкентай күмбездер. Күмбезімен санағанда қабырғасының биіктігі – 8м.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін