1/1
қаралды 2058

Саққұлак би 1800 жылы Ақмола уезі, Ерейменнің Қоржынкөл деген жерінде дүниеге келген. Саққұлак шешендік өнерімен атақты болған. Ағаштан түйін түйген шеберлігімен қатар, мылтық ататын, мергендік құс салатын кұсбегі мен мініскер өнері де болған екен.

Ерте кезде сот және тергеу қызметтерін қазақ билері атқарып, олар өздерінің шешендік сөздерімен барлық даулы мәселелерді әділ шешкен.

Саккұлақ- Бөгенбай батырдың шөбересі. Саккұлақ би 12-13 жасында Бапан бидің касында жүріп, шешендік өнерін ұштаған. Ал 15 жасында ел билеу ісіне араласқан екен. Саккұлақ бидің шешендік туындылары: «Саққұлақтың Шоқанға берген батасы», «Ақыл туралы», «Төрт нәрседен кашық кыл», «Бұл да бір ғалымның бірі еді-ау», «Шыңғысқа өз аузынан айтқан көңілі», «Ғылым туралы», «Байдалы биге айтқаны», «Мұсаның өліміне айтқаны» және басқалары.

Саққұлақ би сөздерін жаза отыра, сонымен бірге басқа билердің ойларын жазған екен. Саққұлақ би 1888 жылы кайтыс болды. Артында жеті ұлы қалған, олардың ішіндегі Нұралы және Ералы деген балалары шешен және би болған екен.

Кесене қасбеттерінің кырларында аркалык қуыстары бар сегіз кырлы күмбез түрінде болды. Сегіз бұрыштың оңтүстік-батыс қыры кірпіштің екі төменгі қатарына дейін бұзылған.

Ұрпақтарының бірінің аты жазылған ескі тастың жанындағы батыс қабырғаның маңында Саққұлақтың өзінің және екі ұлының аттарымен өмір сүрген уақыттары белгіленген үш жаңа қабір үсті ескерткіш орнатылған. 2000 жылы кесене қирандысында орталық композицияның сегіз қырлы күмбезді саркофагы салынған. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қоржынкөл көлінің жағасында орналасып, XIX ғасырдың сәулет ескерткіштерінің бірі болып табылады.

Кесене Ерейментау ауданы Ерейментау қаласынан солтүстік-шығысқа карай орналасқан.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін