1/6
қаралды 1951

Жарқайың ауданы Далабай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай, Есіл өзенінің оң жағалауына қарай орналасқан Қызылтам кесенесі XX ғасырдың басындағы діни ескерткіш ретінде саналады. Ахмет кесенесін алғаш рет 1955 жылы К. Ақышевтың жетекшілігімен Ақмола археологиялық экспедициясы зерттеген. Қабырғалары саздан құйылып, күйдірілген тік бұрышты кірпіштен қаланған.

Баяғыда бұл өңірде Ахмет деген дәулетті адам болыпты. Күндердің бір күнінде Ахмет бай ұйкысынан оянбай, терең ұйқыға кетеді. Ол кезде бүгінгідей медициналық біліктілігі жоқ халық байды өлдіге санап, жер қойнына тапсырған екен. Содан біршама уақыттан кейін қабір басынан адамның ащы даусын естіген елдің есі кетіп, бойларын үрей билейді. Сол өңірдегі ишан-молдаларға хабар беріп, жиналып келіп қабірді ашады. Сөйтсе, өлді деген Ахмет бай өкіріп, сыртқа ұмтылады. Әбден қорыққан халық оны Ахмет бейнесіндегі жын деп ойлап ұрып өлтіреді. Кейін естерін жиған соң өз істерінің ағат болғанын, Ахметтің расында терең ұйқыға кеткенін түсінеді. Елдің үлкен-кішісі жиналып, Ахметті қайтадан арулап көміп, басына кесене орнатады. Жарқайың ауданының аумағында әлі күнге дейін Ахметтің ұрпақтары өмір сүреді.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін