1/1
қаралды 1861

Баласы Қожагұлдың Біржан салмын,
Адамга зияным жоқ жүрген жанмын.
Байлыққа, мансапқа да құмар емен,
Өзім сал, өзім сылқым, неге зармын? –

деп жырлаған Біржан сал Қожағұлұлы – қазақтың ән атасы атанған аса үздік әнші, ұлы композитор, ақтаңгер ақын-лирик, суырып-салма айтыс өнерінің аты аңызға айналған хас шебері. Қазақ халқының мәдени-рухани өресінің өсуіне атсалысқан, зердесіне ұлттық мүдде, ұлттық мінез сіңген әділдіктің жалауы болған қайсар тұлға. Ол – халқымыздың ұлттық санасын оята түсіп, ел бірлігіне тұтқа болған, қайғысына қабырғасы қайысқан, озық ойлы ақыл иесі. Отар, бодан күндерімізде де Біржан салдың бостандықшыл асқақ әндері, найзағайдай жарқылдаған өткір сөзі, айтыстары ұлтымыздың рухани азығына айналса, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа заманында қарқынға қарқын косып, жас ұрпаққа үлгі-өнеге болып кала бермек.

Оның суырып-салма айтыскерлігіне келсек, «Біржан мен Сараның айтысы» – бұл дәстүрлі ұлттық өнеріміздің классикалық үлгісіне айналған теңдесі жоқ алтын мұра. 1946 жылы композитор Мұкан Төлебаев осы айтысқа негіздеп, Біржан мен Сара операсын жазды, оған Біржанның негізгі әндері кірді.

Кешен Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласында орналаскан.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін