1/7
қаралды 1968

Ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» этнографиялық музейі.

Бұл қоныс Бурабайдағы Жекебатыр тауының етегінде орналасқан. Нысан жеті бөліктен тұрады. Әрқайсысының өзіндік орны бар. Әрі бір-бірімен жерасты өткелдері арқылы жалғасқан.Келушілер оны тегін тамашалай алады. Онда осыдан 6 мың жыл бұрынғы Ботай мәдениеті қонысының көшірмесі қойылған.

Қоныстың іші келушілерді таңқалдырмай қоймайды. Себебі, әр бөлмеге археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған Ботай мәдениетіне тиесілі жәдігерлер, яғни сол дәуірде қолданылған тұрмыстық заттар қойылған.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін