1/2
қаралды 4287

Көкшетау мәдениет сарайы 1970 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл қалалық және облыстық ауқымдағы барлық қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін Ақмола облысының басты мәдени орталығы. 2001 жылы қайта құру жүргізілді, сарайдың жалпы ауданы 4822 м2 құрады. Сарайда 4 зал жабдықталған: көрермен залы (600 орындық), көрме залы, би және балет залы. Жыл сайын мәдениет сарайында 100-ге жуық іс-шара өткізіледі. Сарайда 30 ұжым жұмыс істейді, бұл – әр түрлі жастағы, 4 жастан 70 жасқа дейінгі 1000-нан астам адам. Көкшетау мәдениет сарайында “Халықтық” атағы бар 10 ұжымның және 4 үлгілі ұжымның шығармашылығы ерекше орын алады. Сонымен қатар, сарай құрамында би ансамбльдері өз шеберліктерін шыңдаумен айналысады, эстрадалық және джаз музыкасы оркестрі жұмыс істейді. Сарайда мерекелік концерттер, конкурстар, фестивальдар, көркемөнерпаздар байқауы, театрландырылған қойылымдар мен жастар акцияларын өткізу әдетке айналған.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін