1/3
қаралды 254

«Қосбатыр» – түрік қағанының ғұрыптық орталығы, Құмай өзені жағасында орналасқан алғашқы түркі дәуірінің рухани өмірінен сыр шертетін археологиялық-этнографиялық кешен. Құрамында бірнеше мыңжылдықтардың мәдени мұралары тоғысқан, еліміздің Астана қаласына жақын жердегі Құмай мәдени кешендегі ескерткіштер Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Бұйратау тауының етегіндегі «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ауданында тығыз шоғырланған. Құмай өзені аңғарының ескерткіштері түрік халықтарының көпғасырлық тарихының куәсі ретінде қызмет етеді. Қола дәуірінен бастап, сақ, ғұн, түрік, оғыздардың мәдениетінің дамуында төрт мыңжылдық тарихи кезеңдерді қамтитын мемориалдық ескерткіштердің жоғары концентрациясы орналасқан қасиетті жерде қалған мұраның қанықтығы тамсандырады. Құмай археологиялық және этнографиялық кешені түркі ескерткіштерін ашу және зерттеудің негізі көлденең орнатылған және тасқа салынған тас тақталардан тұратын тіктөртбұрышты құрылым болып табылатын бірдей типтік рәсімдік құрылымдардан тұрады. Барлық қоршаудың ішкі алаңы қиыршық тасқа толы. Барлық ескерткіштер Құмай өзенінің сол жағалауында террассаларында, 5-7 шақырым радиусты қамтитын ауданда шоғырланған. «Қос батыр» ғұрыптық ескерткіші ежелгі түркі заманында өз жерінде ерлік жасап аты аңызға айналған қос батырдың құрметіне жасалғанын және жергілікті халық та осы аймақты қос батыр деп атап кеткендігі жөніндегі мәліметті қазақтың белгілі археологы Әлкей Марғұлан өз еңбектерінде жазып қалдырған. «Қосбатыр» аталуын, сол қолына қару, оң қолына ыдыс ұстаған қос бал-балдан аңғаруға болады. Тәңір мен жер-судың тұтастығына сеніп, оларды жер бетінде бейнелейтін құдай деп танылған. Мүсіннің жанында орналасқан үй-ғүрыптық қоршау киелі шаңырақ, ошақ қасы іспеттес қасиетті. Оны арнайы батырлар қоршап тұрады. Түрік мұрасы қоршаулардың қабырғаларына ойып салынған ғұрыптық құрылыстар мен тас мүсіндердің, рулық таңбалардың сақталып қалуымен таңқалдырады. Ғұрыптық қоршаулардың шығыс жағынан орнатылған, дәстүрлі түрік стилінде, ғұлама тұлғалардың бет келбетін сипаттап қашалған мүсіндер бастапқы орындарында тұрды, қазіргі уақытта зерттелді және қалпына келтірілді. Құмай археологиялық-этнографиялық кешені- мемориалдың хронологиялық тұрақтылығы, діни ескерткіштер мен қоныстардан тұратын географиялық, табиғи, ландшафт бірегейлігін, тұрғылықты топонимикалық номенклатурасы, ескерткіштер әртүрлі құрылым бөліктерінде көрсетілген. Қазақстанның мәдени мұрасы мен табиғи ортасының ажырамас бірлігінің осындай аналогтары Қазақстанда табылмады.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін