1/3
қаралды 2825

Мың жылдық тарихы бар ғасырлар бойы танылған өзіндік күш-қуаты бар «Әулие тас» Көктерек ауылының маңында Зеренді ауданы орталығынан 10 шақырымдық жерде орналасқан. Самсаған қайың-қарағай тойған қозыдай томпайып жатқан Әулиетастың жүзін көлегейлеп, жасырып тұр. Тап жанына барғанша көре алмайсыз. Тік шаншыла біткен, жақпар тастармен әлдебір шебер адам мінсіз етіп қалағандай ғажайып көрініс.
Киелі жер “Әулие тас ” ғажайып құбылыс орны болып саналады. Емдік тастың құпиясын ашып, адамдарды емдеп, олардың өмірлік күштерін қайтарған Әулие емші туралы ел аузында аңыз бар.
Ақсақалдардың айтуынша ҰОС кезінде ел азаматтарын дәл осы киелі жерден еліне, жеріне аман-есен оралсын деген ниетпен майдан даласына, ақ баталарын беріп шығарып салған.
Бұл жердің жұмбақ сыры әлі де ашылмаған. Әулиетастың бауырына тіршілікте тақсырет көрген адамдар арнайы келіп тілек тілеп, ағаштарға таспа байлайды.

Сізге сондай-ақ ұнауы мүмкін