Қазақстанда Қопа көлінің жағасында Көкшетау қаласы орналасқан. Ол Ақмола облысының орталығы болып табылады. Қала 1824 жылы негізін қалады. В Казахстане, на побережье озера Копа лежит город Кокшетау. Он является центром Акмолинской области. Город был основан в 1824 году. Қалаға жақын жерде 1996 жылы құрылған «Көкшетау» ұлттық табиғи саябағы орналасқан.
Бұл бетте сіз Көкшетау қаласының қонақ үйлерін көре аласыз.

1

Достық

“Достық” қонақ үйі Көкшетау қаласында Қопа көлінен 650 метр қашықтықта орналасқан. Қонақтардың құзырында сауна және жабық бассейн. Тегін WiFi жұмыс істейді. Әр бөлмеде кабельді теледидар мен электрлік шайнек бар. Өзіндік жуыну бөлмесінде фен болады.Белгілікті бөлмелерде тоңазытқыш, халат және тәпішкелер бар. Қонақ үйдің мейрамханасында қонақтарға ұлттық және европалық тағамдар ұсынады. Соынмен қатар, қонақтар тағамдар мен сусындар және таңғы асты бөлмеге тапсырыс бере алады.Қонақ үйде 2 бар, жүк сақтайтын бөлме,тәулік бойы қабылдау және валюта айырбастау орны бар. Сонымен қатар, қонақ үйде бильярд ойнауға арналған арнайы бөлме бар. Қосымша төлем жасау арқылы автотұрақпен қолдануға болады. Көкшетау қаласының темір жол вокзалы қонақ үйден 3 км қашықтықта орналасқан, ал аэропорт 20 км қашықтықта. Көкшетау қаласында орналасу орны бойынша ең ұтымды жер.
Жұптарға қонақ үйдің орналасуы ерекше ұнайды. Бұл жерде бағамен сапаның керемет сабақтастығы ұсынылған.

Толығырақ
2

GREEN Which Hotel 3*

“GREEN Which Hotel”  қонақ үй кешені  «Стандарт», «Жартылай люкс» және «Люкс» категориясындағы кербез еуропалық стильде әрленген 36  бөлмеден тұрады. “GREEN Which Hotel”  қонақ үй кешенінің артықшылығы – Бурабай көлінен 100 метр арақашықтықта орналасқан, табиғат мұражайы да жақын.  Қонақ үйдің қабырғасында сіз ерекше жайлылық сезінесіз.

Қонақ үйдің әрбір бөлмесі кондиционер, қазіргі заманғы теледидар, спутникті теледидар, телефон, сейф, тоңазытқыш, шай жиынтығы және тегін Wi-Fi-мен қамтамасыз етілген. Қонақ үйде тұру құнына велосипедті жалға алу және таңғы ас беріледі.

Қонақ үй аумағында тегін автотұрақ бар, сондай-ақ кір жуу, үтіктеу және лобби. Сіздерге қонақ үй кешенінің территориясында темекі шегуге тыйым салынғанына назар аударыңыз, бірақ темекі шегу үшін арнайы орындар бар.

Ақылы: конференц-зал, жеке экскурсиялар ұйымдастыру, балық аулау, Лапландия, бассейн.

Қонақ үй тәулік бойы жұмыс істейді.

Толығырақ
3

Көкшетау

“Көкшетау” қонақ үйі Көкшетау қаласының орталығында орналасқан. Қонақ үй нөмірлерінен Абылай хан алаңына тамаша көрініс ашылады. Сізге жайлы атмосфера, дәмді тағам және сыпайы қызметкерлер кепілдік береді!

Толығырақ
4

Plaza

 

Plaza қонақ үй және пабы Көкшетау қаласының ортасында орналасқан жәй ғана қонақ үйден ерекешелеу. Дизайн мен қонақжайлылықтың бірегей үйлесімінде сізге Көкшетаудағы үздік тұрғын қонақ үй ұсынылады. Бөлмелер спутниктік теледидармен, қалалық телефонмен, душта, мини-бармен, кондиционерпен жабдықталған.

Толығырақ
5

Ак Желкен

Күнделікті өміріңізді қалай әртараптандыруды білмейсіз бе? Күнделікті кафе және мейрамханалар? Ендеше «Ақ желкен» кешеніне қош келдіңіздер! Караоке бөлмесі, 350 адамға арналған банкет залы, мейрамхана, сауна, қонақ үй, стейктер бар. Мұнда Royal Smoke компаниясынан ұсынылған бірегей интерьер, керемет тағамдар, брэндті кальяндарды көруге болады. Акциялар, лотереялар, тосынсыйлар, бұл сіз үшін ғана және біздің кешенде ғана!

Толығырақ
6

Самұрық

Самұрық қонақ үйі Көкшетау қаласында орналасқан. Құрамында түрлі баға санатындағы 6 бөлме бар. Біздің кешен – ата-баба дәстүріне деген терең құрмет пен өмірге деген заманауи көзқарастарды үйлестіретін қазақ дүниетанымының көрінісі. Үйдегі жайлылық, бай дастархан мен ұлттық қонақжайлылық – біздің негізгі құндылықтарымыз болып саналады. Кешеніміздің айрықша ерекшелігі – спирттік ішімдіктердің жоқтығы. Қонақ үйде асхана, витражды жұмсақ аймақ, күмбез астындағы VIP-аймақ, киіз үйі бар VIP – аймақ, подиумдағы VIP-зал, темекі шегетіндерге арналған VIP-зал, бильярды бар VIP-зал, люкс, жартылай люкс, стандарт және жеңілдетілген бөлмелер бар. Біздің кешеніміз корпоративтік, ұлттық және тақырыптық мерекелерді ұйымдатсыру үшін ыңғайлы. Қонақтар үшін намазхана, сондай-ақ күзетілетін автотұрақ бар.

Толығырақ