Қазақстан, Ақмола обл., Щучинск-Бурабай курорттық зонасы

орны

09.02.2019 - 10.02.2019

күні

09:00

басталуы
1/2
қаралды 909

9-10 ақпанда “Мен-чемпионмын” тележобасы аяқталды. “Мен-чемпионмын” жобасы қазақстандық оқушыларға ұнап үлгерді.  Бірнеше маусым ойналып, әр жолы чемпион кубогы үшін күреске Қазақстан бойынша 12-14 жастағы он мыңдаған бала қатысады. Кезең-кезеңмен іріктеу нәтижесінде республиканың барлық өңірлерінен, Астана мен Алматыдан 16 команда анықталады. Ал жобаның финалы дәстүрлі түрде тиісті декорациялары мен реквизиттері бар жарқын телевизиялық шоу түрінде өткізіледі. 2014 жылдан бастап “Мен-чемпионмын” бағдарламасы Республикалық эфирде көрсетіледі және оны ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдайды.

Айта кетсек,” Мен чемпионмын ” жобасы таза түрдегі спорттық жарыс емес. Командалық эстафеталарға қатысу үшін жалпы жақсы спорттық дайындық жеткілікті. Осылайша, жоба Қазақстанның әрбір орта мектебінде балалардың барынша көп санын спортпен айналысуға және белсенді және салауатты өмір салтын жүргізуге тарту міндетін шешеді. Ал жарыста ерешеленгендерден нағыз жұлдыз жасайды.

Вам также могут понравится