Барлығы 149 ақпарат

Ақтоты Райымқұлова жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Көкшетауға жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында министр “Көктем” шағын ауданындағы “Болашақ сарайы” балалар мен жасөспірімдер сарайының құрылысымен танысты, Ақмола облысының тарихи-өлкетану мұражайына, Шахмет Құсайынов атындағы музыкалық-драма театрына және Ақмола облысындағы Мәлік Ғабдуллин мұражайына барды.
Соңында Ақтоты Райымқұлова Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің музей ұжымымен кездесті. Осы жылдың қараша айында біздің еліміз оның туғанына 105 жыл толуын атап өтеді.