Табиғат

Аумақтың жер бедері әртүрлі: басым көп бөлігін жазық дала, ұсақшоқылық жерлер, шамалы тармақталған және көлдік аңғарлар мен орман жамылған таулар алып жатыр.

Облыстың ауа-райы шұғыл континентальды. Жазы қысқа және жылы, ал қысы ұзақ, ызғарлы желдері мен ұйытқыған борандары араласқан аязды болады. Ауаның ең төменгі температурасы минус 40С жоғары, ең жоғарғы температурасы + 40С жетеді.

Өсімдіктері, әсіресе облыстың солтүстік бөлігінде өзінің алуан түрлігімен және тиісті ландшафтымен, атап айтқанда қарағайлы- қайыңды ормандарымен және тау беткейлерін көмкерген түрлі өсімдіктерімен ерекшеленеді. Таулы қарағайлы орман – облыстың байлығы.

Облыстың жануарлар әлемі өзінің айтарлықтай молдылығымен және әртүрлігімен ерекше көзге түседі: сүтқоректілердің – 55 түрі, құстың – 180, балықтың – 300 түрі мекендейді.

Облыстың аумағында «Көкшетау» және «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи парктері мен Қорғалжын Мемлекеттік халықаралық маңызы бар қорық орналасқан.